турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

25.04.2024. Бейсен және Болмыс

         25.04.2024 күні мектебімізде телевизия тарланы, білікті журналист халықтың қалаулысы, елінің елеулісі атанған азаматтың болмысын аша отырып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру мақсатында «Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ» мен «Зерде мамандандырылған мектеп-лицейі» арасында сайыс өткізілді.
     Бүгінгі сайыста Қазақ елінің біртуар перзенті, тірісінде аты аңызға айналған тележурналистика тарланы – Бейсен Абайұлы Құранбектің болмысы, кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі, өмірінде жазылған естеліктері, ақындардың арнау жырлары туралы сөз қозғалды.                 «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының қолдауымен жарық көрген «Бейсен және Болмыс» кітабының сырларына терең бойлай отырып, 4 кезеңнен тұратын сайыста бақ таласты. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды –Бірінші «Жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар» ,  екінші кезең «Бәйге», үшінші «Сиқырлы ұяшықтар» , төртінші кезең «Алтын көмбе». Бұл сайыста тәуелсіз сарапшылар төрелік етті. Аталған іс-шараға Санжар Керімбайдың «Бейсен және Болмыс» шығармасын сусындап оқып, жетік меңгерген  оқушыларымыз арасындағы сайыс тартысты өтті. Оқушылар тек бұл кітапты оқумен шектемелеген, Бейсен Құранбек туралы кітапта жоқ құнды ақпараттарды ізденіп саналарына сіңіріп алғаны байқалды.

WhatsApp Image 2024 04 26 at 10.55.08      Кітапты жай ғана оқып қоя салмай, ондағы айтылған ойдың астарын, салмағын түсінген сайыскер оқушыларымызға «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өкілі - Нүптеке Нұрман Батталғазыұлының  демеушілігімен командалық орынға 60 000 теңге, І-орын «Үздік оқырман» «Электроскутер» жүлделі ІІ,ІІІ орындарға ақшалай сыйлықтары тағайындалған болатын.WhatsApp Image 2024 04 26 at 10.55.08 1         Сайыстың нәтижесінде алға озып, жоғары нәтиже көрсеткен «М.Әуезов ЖОББМ» мектебінің оқушысы Вовка Құдайберген «Үздік оқырман» атанып, электроскутер жеңіп алды. «Зерде мамандандырылған мектеп-лицейінің» 9-сынып оқушысы Мусинова Аяжан ІІ-орын, М.Әуезов ЖОББМ» мектебінің оқушысы Хайролла Фатима ІІІ – орынды қанжығасына байлады.

                                Жүлделі орын алған оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!