1 қыркүйек Білім күні
1 қыркүйек Білім күні мерекесі мектебімізде ерекше аталып өтті. Салтанатты жиын қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Оқушылар ұлы ақынның әнін орындап, өлеңдерін оқып, даналық сөздерін жүректеріне түйді. Бұл мереке жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани байлықты бағалауға шақырды. Жиын барысында ұстаздар мен қонақтар жас буынға ақ жол тілеп, жаңа оқу жылында табысқа жетуге шақырды. Әсіресе, республикалық «Дарын» орталығы сынығынан сүрінбей өтіп, “Зерде” мектебіне қабылданған 5-сынып оқушылары үшін мәңгі есте қаларлық сәт болды.
Мектеп – мейірім мекені. Білім ордасында шәкірт жүрегіне біліммен қатар ізгілік пен адамгершілік дәні себіледі. Жаңа бастау алған оқу жылы әрбір оқушыға сәттілік пен шабыт әкелсін!
