турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Тілім менің ғасырларға аманат

        Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектебімізде 9–10 сынып оқушылары арасында «Тілім менің  ғасырларға аманат» атты қазақ тіліндегі мектепшілік дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебат жарысы оқушылардың шешендік өнерін дамытуға, ойлау мәдениетін жетілдіруге және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталды.Жарыс американдық парламенттік форматта өтті. Әр команда өз көзқарасын дәлелдеп, қарсы тараптың уәждерін жоққа шығару арқылы өз білімін, логикалық ойлау дәрежесін және сөз саптау шеберлігін көрсетті.

       Тартысты өткен дода нәтижесінде:

  • І орын – «Тастүйін» командасы (10 «Б» сыныбы)
  • ІІ орын – «Dream team» командасы (10 «А» сыныбы)
  • ІІІ орын – «Қырандар» командасы (9 «Б» сыныбы) иеленді.

           Сонымен қатар, үздік ойы және шешендігімен ерекшеленген Ерлан Арайлым («Тастүйін» командасы) «Үздік спикер» атанды.    Пікірсайыс мемлекеттік тілге деген құрметті арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың өз ойын еркін жеткізуіне және сыни тұрғыдан ойлауына жол ашты. «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты зияткерлік дода қатысушылардың жадында жарқын әсер қалдырды.