Экстремизм және терроризм тақырыбында маңызды дәріс
Хасенханов Серік Мұратбекұлы – юрист-теолог
Бүгін мектепке арнайы қонақ ретінде юрист-теолог Хасенханов Серік Мұратбекұлы келіп, экстремизм және терроризм тақырыбында маңызды дәріс оқыды.
Дәріс барысында ол экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны, олардың алдын алу жолдары, жастардың санасын қорғау туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға нақты мысалдар мен өмірлік жағдайлар келтіріп, түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді.
Серік Мұратбекұлы дәріс барысында бейнематериалдар көрсетіп, ақпаратты оқушыларға түсінікті әрі әсерлі түрде жеткізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды тақырып бойынша пайдалы мәлімет алды.
Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпті идеологиялардың алдын алу және жастарды қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Осындай тағылымы мол дәрістер жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.

