Дұрыс тамақтану тақырыбында пайдалы лекция
Лекцияны мектеп медбикесі жүргізіп, оқушыларға денсаулықты сақтаудағы салауатты тамақтанудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Медбике күнделікті рационда көкөністер мен жемістердің, ақуызға бай тағамдардың және жеткілікті мөлшерде судың болуы керектігін атап өтті. Сондай-ақ, фастфуд, тәтті сусындар мен шамадан тыс тәтті тағамдардың ағзаға тигізетін зияны түсіндірілді.
Лекция барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, дұрыс тамақтану дағдыларын қалай қалыптастыру керектігі жайлы пайдалы кеңестер алды. Іс-шара денсаулық мәдениетін арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.

