Оқу сапасын арттыруда сандық технологияларлың тиімділігі
Бүгін мектебімізе "Оқу сапасын арттыруда сандық технологияларлың тиімділігі " атты семинар өтті.Семинар барысында мұғалімдер сандық технологияларды қолдану бойынша өзара тәжірибе алмасып, интерактивті тақтаны оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланудың жолдарымен бөлісті.

Шахмат жарысы!
Мектебіміздің шахмат үйірмесінің жаттықтырушысы облыстық шахмат жарысында жүлделі орындарға ие болды. Бұл жетістік – табанды еңбектің және жоғары шеберліктің нәтижесі. Жеңімпазды құттықтаймыз! ♟️
«Жұмабек және жер майданы»
Бүгін мектебімізде «Жұмабек және жер майданы» кітабы желісі бойынша 11-сынып оқушыларының қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында оқушылар Жұмабек Тәшенев туралы тың деректермен бөлісті. Арыстан жүректі тұлғаның ел мүддесі үшін атқарған ерліктері кеңінен айтылды. Бұл тағылымды жиынды мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Арайлым Өкеновна жүргізді.


"Есірткі және оған тәуелділік" тақырыбында дәріс
2026 жылы 22 қаңтарда Екібастұз қаласының прокуратурасының прокуроры Ернур Нурмаханулы "Зерде" мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-10 сынып оқушыларына (135 оқушы) "Есірткі және оған тәуелділік" тақырыбында дәріс өткізді.






